Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша бірінші ақпаннан бастап мектептерде 1 және 2 сынып оқушылары тегін тамақтандырумен қамтылады.

 

Сондай-ақ "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес және  "жалпы білім беру" қорынан тегін жеңілдікпен:

 

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балала тамақтандырумен қамтылатын болады.

 

Карантиндік шектеулерге байланысты мектеп асханасы жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта оларды ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Жалға алушылардың санитарлық нормалар талаптарына дайындығына байланысты асхананы кейінірек ашылады.