№2 жалпы білім беретін орта мектеп сегізжылдық мектептің тұрпатты жобасы бойынша салынған (салынған жылы 1960 жыл) 1961ж. 01.09. бастап Көктас 8 жылдық мектебі ретінде қызмет атқара бастады.

1964 ж. 01.03. мектептің аты  Приозёрск сегізжылдық мектебі деп  өзгертілді.

1975 ж. 09.07. - Кеңес әскері атындағы орта мектеп.

1985 жылдан мектеп жанында 290 орындық жеке ұйым ретінде қалалық ОӨК ашылды.

1997 жылдан бастап Кеңес әскері атындағы кәсіби білім беретін мектеп ретінде жұмыс атқарды, онда қаланың екі мектебінің 9-11 сынып оқушыларын кәсіби оқыту ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Мақсаты:

 

Оқушыларға қазақ халқының дана ақыны, ғұлама ойшылы, бірінші педагогі Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінің таралуын насихаттау, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Жазушы ақындарымыздың шығармаларымен таныстыру, оқушыларымыздың мәнерлеп , түсініп оқу дағдыларын дамыту.

 

Ыбырай Алтынсарин – алғашқы мұғалім, қазақ халқының біртуар азаматы. Оның өлеңдері мен әңгімелері терең ойлы, халық жайлы.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері халық өмірімен байланысты болып келеді. Өз әңгімелерінде Ыбырай достық, білім, еріншектік, тәрбие туралы ой қозғайды. 

 

«Көптен күткен іс - оқытушылық» демекші Ыбырай атамыз 1861 – 1863 жылдар аралығында Торғайда бір сыныптық мектеп ашу ісін бастайды. 1864 жылы бұл мектеп салтанатты түрде ашылады.

 

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» -

деп, Абай атамыз айтпақшы Ыбырай Алтынсарин бүгінде жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

Бүгінгі «Кел, балалар, оқылық!» суретшілер байқау  сабағымыз екі бөлімнен тұрады:

1-ші бөлімде оқушылар Ыбырай атаға арнап жазған шығармаларын оқиды. «Ыбырай атаға арнау» деп аталады.

2-ші бөлім сөздерді ойластыр. Бұл ойында балалар берілген сөздерден сөздерді өз орындарына қойып жазуы керек.

Сабақ соңында оқушыларды сабаққа жақсы қатысқандары үшін оқушыларымызға қол шапалақтап, алғысымызды білдірейік.

 

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ұлы перзенті, асқан дарын иесі. Оның өнегелі өмірі қазақпын деген әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады.

 

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берген.

 

Сайыс сабағын қорытындылай келе, әр бала өзінше ерекше және белсене сабаққа қатысып, өздерін көрсете білді. Барлық оқушыны жеңімпаз етіп бағалауға болады, ешбір оқушы сабақтан шет қалған жоқ. Оқушыларды 3 топқа бөлген болатынмын, 3 топта жеңімпаз болды, балаларға бүгінгі сабақ өте қатты ұнады және осындай сабақтарды жиі өткуімді сұрады.

 

                              Орындаған: Доспанбетова М

                                                    Пенкина К