Мектебіміде тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – жетістіктер елі» деген тақырыпта көрме бұрышы ашылды. Мұнда 30 жыл ішіндегі егенменді еліміздің жеткен жетістіктерінен үзінді суреттер келтіріліп, астына сол туралы мағлұматтар жазылған. Сонымен қатар сынып жетекшілерге үзіліс кезінде сыныппен осы көрме аясында әңгіме жүргізу ұсынылды. Мұнда жазылған әр ақпарат туралы оқушының білуі шарт. Бұл көрме жастарды  ұлттық  құндылықтарымызды  қадірлеуге, Тәуелсіз Елінің тарихын білуге ықпал етеді деп үміттенеміз.