"Ертегі" жобасы аясында 24 қыркүйекте ЕБҚ балаларымен "Ертегіде қонақта"спорттық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: жылдамдықты, ептілік пен шыдамдылықты одан әрі дамытуға бағытталған ертегі сипатындағы жаттығуларды пайдалану. Мерекеде балалар түрлі байқауларға белсене қатысты. Балалар жылдамдық, ептілік, командада жұмыс істей білу бойынша жарысты. Спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жету ниеті балаларды соншалықты баурап алды, олар айналасында не болып жатқанын байқамады. Өткізілген спорттық мереке балаларды біріктірді, ешкімді бей-жай қалдырмады.