Мектеп президенті лауазымы үшін 7 үміткер бақтарын сынады. Сайлау комиссиясының есебі бойынша нәтижелер келесідей : 
Примбетов Медет-29% дауыс
Алым Райхан-9% дауыс
Волошин Руслан-4% дауыс
Мұқашева Айсара-17% дауыс
Ізбасар Ғабит-16% дауыс
Сұлтан Досымжан-15% дауыс
Гасанова Зарина-14% дауыс
Сайлау нәтижесі бойынша, Примбетов Медет қарсыластарынан озық көрінді.
Мектеп Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтаймыз. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым Медетке, алға қойылған жоспарлар мен идеяларының тезірек жүзеге асуын, зор денсаулық, сенімді және адал ниеттестер тілейді. Медеттің басшылығымен мектептің өзін-өзі басқару ұйымы жетістікке жететініне сенімдіміз.