11 қыркүйек күні Қарағанды облысы Білім басқармасы Приозерск қаласының білім бөлімінің "№2 ЖББМ" КММ мектеп директоры К.С. Алтынбекова мектеп ұжымымен "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел гүлденуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Президент Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Президент өз Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын атап өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта пандемия кезеңінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, білім беру жүйесін дамыту және қолдау, ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау және жалақыны арттыру туралы, сондай-ақ мемлекетіміздің болашақ үшін дамуының барлық маңызды мәселелері туралы айтып өтті.

Біз, Қазақстан халқы , жоғарыда аталған міндеттерді шешуге белсенді қатысуымыз керек, бей-жай қалмауымыз керек, жақсы болуға ұмтылуымыз керек және адал еңбегіміз арқылы еліміздің тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосуымыз керек.