8 маусым күні Қарағанды облысы Білім басқармасы Приозерск қаласының білім бөлімінің "№2 ЖББМ" КММ -де жазғы мектеп жанындағы лагерінде "Спорт күні"өтті.  Спорттық күн сергітетін жаттығулардан басталды, онда балалар көңілді әуенмен күні бойы күш-қуат пен позитив алды, өз денсаулығын нығайтты. Күннің ең ауқымды іс-шарасы "Мен, сен, ол – Біз салауатты елміз" тренингі болды, онда балалар түрлі эстафеталарға, конкурстарға, ойындарға қатысты. Балалар қызығушылықпен ойнады және осы іс-шараларға қатысты.

 

Спорттық күн барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға керемет көңіл-күй мен сергектік сыйлады!