Қарағанды облысы Білім басқармасы Приозерск қаласының білім бөлімінің "№2 ЖББМ" КММ-де 1 маусым күні мектеп кітапханашысы ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай "Қазақстан Тәуелсіздігінің мақтанышы рәміздер" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме материалдары еліміздің өткен тарихи жолын, оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірін бейнелейді. Кітап көрмесіне шолу жасаған кітапханашы, Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі-өзінің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын алу екенін атап өтті.  Қазақстандық мемлекеттік рәміздер-бұл тек көркем образ ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеясының жаршысы.