4 мамырда ҰОС 65 жылдығына арналған әскери-патриоттық слет өтті. Шара Приозерск гарнизонының спорт комплексінде өтті. Слетке 4 команда қатысты: №2 орта мектептің командасы («Барыс» командасы), Приозерск қаласы №1 орта мектебінің командасы, сонымен қатар Сары-Шаған командасы мен Ақтоғай ауданының Шашубай командасы. 
Слет болашақ Отан қорғаушыларға атудың, дене және сап дайындығы дағдыларын көрсетуге мүмкіндік туғызды. Спорт жарыстары аяқталған соң слетке қатысушыларға арнап гарнизон мен спорт комплекске экскурсия ұйымдастырылды. Алаңға әскери машиналар қойылды. Оқушылар артиллерия әскерінің жаңа жабдықтарымен таныстырылды.

Аталған шараға қатысқандары үшін оқушыларға алғыс хат беріліп, LG теледидары түрінде бағалы сыйлық берілді. 10 «А» сынып оқушысы Рысқұлов Ш. пен бірнеше оқушыларға дене дайындығы бойынша үздік жетістіктерге жеткені үшін энциклопедиялар берілді.