http://school2-prio.kz/kz/potriotty-t-rbie.html#sigFreeIde18dbe9a79
Азаматтық-патриоттық тәрбие бағытында Отанын сүю,азаматтығын мақтан тұтып,ҚР Конституциясының маңызын білу мақсатымен білім күнінде “ Менің Отаным-Қазақстан”атты тәрбие сағаты өткізілді. Отанының болашағына қызмет ету,қазақ жастарының ерлігін мәнгілік ұмытпауға үйрету мақсатымен әскери бөлімге экскурсия жасалынды. Саяси және құқықтық тәрбие бағытында балаларға қоғамдағы жалпы адамзаттық моральдық нормаларын сана-сезіміне қалыптастыру,міндеті жайлы түсінік беру,жауапкершілік сезімін көтеру,тәртіптілікті нығайту,оз ой-пікірін айта білу жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту иақсатында әскери бөлімдерге барып,әңгіме жүргізілді. Патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу