Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлі басталуына бір ай ерте, шілде айынан басталды.

 

«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.

 

Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды.

 

Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.

 

Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатын болады.

 

Сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» мессенджерінде "BALA QORǴAÝ" ("https://t.me/bala_qorgau) чат құрылды.

 

«Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі

 

1. Қадам. Мекенжай өрісінде www.atamekenim.kz теру қажет

 

2. Қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау

 

3. Қадам. «Өтінім беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру.

 


 

 

Құрметті қала тұрғындары!

 

Жаңа 2016-2017 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен  «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы  жарияланды.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу акцияның ең басты мақсаты болып табылады.

Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп партасына отыруы  тиіс.

Қала тұрғындарын осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.

БЕКІТЕМІН

№ 2 жалпы орта білім

беретін мектеп директоры

__________Қ.Алтынбекова

«____»__________ 2016 ж.

 

 

Приозерск қаласы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің  «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын  2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ұйымдастыру

және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралар мазмұны

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Жауаптылар

I.  Ұйымдастыру-гуманитарлық бағыт

 

1.

 Облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

жоспарлар

2016 жылғы

5 тамыз

Мектеп директоры

 

2.

Көмекке мұқтаж балалардың дерек қорын қалыптастыру үшін мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында үйлерді (пәтерлерді) аралап тексеруді жүргізу

деректер  қоры

2016 жылғы

5, 15, 25 тамыз

Сынып жетекшілері

 

3.

Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы балалар» (қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар) рейдтерін ұйымдастыру және өткізу

ақпарат

2016 жылғы

30 қыркүйекке дейін

 ДТІЖО, әлеуметтік педагог, мектеп инспекоры

4.

«Бақытты балалық шақ мекені», «Балаларға  мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акцияларға қатысу

сайтқа ақпарат

Апта сайын

ДТІЖО, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

5.

Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға мереке ұйымдастыру («Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және басқалар)

Әкімдіктің, мектептің сайтына ақпарат

2016 жылғы

1 қыркүйек

әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

 

6.

Мектепке дайындау кезінде мекенжайлары бойынша көмек көрсету үшін қолдауға мұқтаж оқушыларға шефтік ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды бекіту, қалалық білім бөліміне оқушылар тізімін ұсыну.

Оқушылар тізімі

2016 жылғы

10 тамызға дейін

ДТІЖО, әлеуметтік педагог

7.

Акция аясында жалпы оқу бойынша айлық өткізу

 

айлық

2016 жылғы

15.08 – 15.09

ДТІЖО, сын.жет

8.

Мектепішілік есепте тұрған кәмелетке толмағандардың мәліметтер банкін құру

Мәліметтер банкі

2016 жылғы

20 – 30 тамыз

ДТІЖО, сын.жет

9.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын оқулықпен қамтамасыз ету

ақпарат

2016 жылғы

15.08 – 10.09

Кітапханашы, әлеум.пед.

 

10.

Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру  

сайтқа ақпарат

2016 жылғы

1 қыркүйек

ДТІЖО

 

11.

«Мектепке жол» акциясын қорытындылау, БАҚ ақпарат жариялау

Қорытынды ақпарат, сайтқа материал

2016 жылғы

30 қыркүйек

ДТІЖО

 

12.

Салтанатты жағдайда «Мектепке жол» акция шеңберінде қайырымдылық көмек көрсеткен меценаттарға, демеушілерге құрмет көрсетуді ұйымдастыру

 

меценаттарды, демеушілерді ынталандыру

2016 жылғы

қазан

Мектеп директоры

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                                               А.Ермагамбетова