Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесін өткізілу туралы ақпарат Дәстүрлі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге № 2 мектеп – балабқша кешенінің ұжымы да дайындалды. Ұйымдастыру шараларын белгілеп, жауаптыларды анықтау бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, аталған жоспарға сәйкес келесі шаралар ұйымастырылды: Мектеп оқушылары мен мұғалімдер наурыз мерекесі қарсаңында сынып бөлмелерінде, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Мектеп ауласы мен дәліздер мерекеге сай безендірілді. Аулада тақырыпқа сай банер ілінді. 19 наурыз күні мектеп оқушыларына наурыз мейрамына арналған тақырыптық салтанатты жиын өтті. Жиынға «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мерекере жайында ақпараттар дайындап, мереке тарихы бойынша толық мәлімет берді. Олар оқушыларға көнеден келе жатқан көктем мен еңбек мерекесі жайлы айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді.Мектеп директоры және ТЖО оқушыларды мерекемен құттықтап, тілектер арнады. Мерекеге орай оқушылар тақырыптық газеттер шығарды, суреттер салды және үздік шығарма байқауы өтті, 2-6 сыныптар қамтылды. «Қош келдің, Наурыз » тақырыбында 1-10 сыныптарда өткізілген тәрбие сағаттарының мақсаты қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке, инабатттылыққа тәрбиелеу болды. Тәрбие сағатында оқушылар салт-дәстүрлерді, ырымдар мен тыйымдарды, ұлттық тағам түрлерін көрсетіп, олардың ұлттық, тәрбиелік мәніне тоқталды. Мереке барысында әр сынып мерекелік ақ дастарқан жайып, ұлттық тағамдар дайындады. Оқушылар ән салып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Мереке қарсаңында 19 наурыз күні «Наурызым – көктем мейрамы» тақырыбында мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осы күні мекеме қызметкерлеріне арнап Наурыз көже пісіріліп, дәм татты. Қалалық деңгейде мерекелік бағдарламалар 21 наурыз күні өткізілді. Оған мектеп ұжымы үй тігіп, қонақтарға наурыз көже үлестірілді. Мектеп ұжымы мереке барысында өткен түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, мерекелік үйді безендіру байқауынан «Ең сәнді шаңырақ» номинациясына ие болды, үлттық киім үлгісін көрсету байқауынан жүлделі 2 орынды иеленді, ерекше ұлттық тағам дайныдаудан «мипалау» тағамын әзірлеп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Мектеп ұжымы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар алаңда өткен түрлі «қол күрес», «арқан тартыс», «асық ату», «кір тасын көтеру» секілді спорттық және ұлттық ойындарға белсене атсалысып одан да жүлделі 2-3 орындарға қол жеткізді. Мектептің спорт секцияларының ұйымдастыруымен мерекеге орай волейбол, баскетбол ойындарынан сыныптар арасында жарыс өтті.