Мектебімізде жыл сайын өтетін «Ұстаздар күніне » арналған футбол жарысына ұстаздар командасы және мектебіміздің кіші буын оқушылар тобынан жиналған құрама команда қатысты. Жарыстың негізгі мақсаты оқушылар арасында футболды дамыту, олардың футболға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жарыс 03 қазан 2019 жылы мекткп спорт залында өтті. 5-6 сыныптардан жиналған құрама команда футболшылары мектеп ұстаздарымен, жоғары денгейде ойнап ұстаздарды 6 : 1 есебімен ұтты. Жарыс қызықты өтті, матчтың басынан соңына дейін оқушылардың бірінен соң бірі шабуылдарынан соң ұстаздар есенгіреп қалды.


Алда «Ұстаздар күніне » арналған футбол жарысы дәстүрлі жарыс болып өтетін болып шешілді.