Мектебімізде жыл сайын өтетін « Денсаулық күні » апталығына арналған жарыста, 5-11 сыныптар арасында футболдан мектеп біріншілігі өтті.

 

2019- 2020 оқу жылы басында , демалыстан келген оқушыларға жарыс өте қызықты өтті. Сыныптар арасында іріктеліп алынған оқушылар, барын салып өз сыныбының намысын қорғады. Атап өтер болсақ 9-11 сынып оқушылар арасында өткен жарыста  9 «В» сынып оқушылары 10-11 сынып оқушыларын жеңіп, өздерінің жігер, қайраттылығын көрсетті. 9 «В» сыныбының капитаны Есхат Батырбек дұрыс тактика қолданылуына байланысты сынып жеңіске жетті.

 

Орта буын оқушылар арасында 7 «А» сыныбымен 7 «в» сынып оқушылар арасындағы ойын көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Әсіресе 7 «в» сынып қақпашысы  Медет Пірімбеттің қақпада өзінің үздік қақпашылығының арқасында сынып жеңіске жетті.

 

Сыныптар арасында іріктеліп алынған оқушылар, алда өтетін футболдан қалалық жарысқа командалар іріктеліп алынды. Жарыс соңында, жеңіске жеткен командалар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.

 

.

 

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері. Купяшаров. Ж. Таусогаров.С. Мамедов.П. Роголева.Т.