Мақсаты:

  1. Балалардың ауызбіршілігін, ұйымшылдылығын арттыру;

 

  1. Оқушыларға бала бақыты, сүйіспеншілік құңдылықтарының маңыздылығы туралы түсінік беру;

 

  1. Өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің маңыздылығын түсіндіру;

 

  1. Қарым қатынастарын сыйластыққа, ақкөңілділікке тәрбиелеу;

 

2018 жылдың 30 маусымында «№2 ЖОББМ» мектеп жанындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде «Бақытты балалық шақ» атты лагеріміздің жабылу салтанаты  өтті. Жабылу салтанатымыздың бастамасын спорттық жаттығулар және спорттық ойындармен басталды. Балаларымызды төрт топқа бөліп, жарыстық ойындар өткізілді. Атап айтсақ: кегли кедергілерін қолдарына ұстап белгіленген орынға барып, қолын тигізіп, қайта жүгіріп келу,  екінші баскетбол добымен жүгіріп, себетке салып қайта артқа қайтып келу қажет.

 

Ал, ендігі кезекті салтанатты сазды бағдарламамен жалғастырдық. Сазды бағдарламамыз Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Оқушылар бізді әр түрлі өнерлерімен тәңті қылды. Жігіттердің орындауында хор «Мен қазақпын» әні, Абылқасым Назымның орындауында

 

«Құттықтаймын мама туылған күңінмен» әні. Балаларды ұйымшыл болуға үйрету мақсатында «Фиксики» атты флешмоб биін биледік. Лагеріміздің өте өнерлі  жігіті Ұлмахан Мерейханның орындауында « Тойға шашу» әні, Қартанбай Көркемнің орындауында «Ертегілер елінде» әні. Лагеріміздің көркемде сұлу аруы, биші қызы Айгүлдің орындауында «Өзбек биі». «Бақытты балалық шақ» атты сазды бағдарламамызды қорытындылау үшін сөз кезегі лагеріміздің басшысы Купяшаров Жоламан Ки\римұлына берілді. Балалар өте  тәртіпті және білімді болғандары  үшін марапатталды. Балалар лагерге өз алғыстарын білдіріп, қоштасты.

 

Орындаған: Досымова А.

Беркинбаева А.