Мақсаты:

 

1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін, қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.

 

2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.

 

3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

 

Бүгін 29 маусым Астана мерекесінің қарсаңында «Лагерь аруын» анықтау мақсатында, лагерь қыздар арасында «Арулар-ай, арулар» байқауы өтті. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздеді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастадық.

 

1-кезең. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырды.

 

1-ші қатысушымыз Жунузбекова Жулдызай Болатқызы

 

2-ші қатысушымыз Абілда Айгуль Абайқызы

 

3-ші қатысушымыз Қартаңбай Көркем Елдосқызы

 

4-ші қатысушымыз Уразбайқызы Ақниет

 

5-ші қатысушымыз Кудекова Милана Манатовна

 

6-ші қатысушымыз Абилкасым Назым Ибадуллақызы

 

7-ші қатысушымыз Шавкатбек Мавлюда Шухратжанқызы

 

2-кезең. «Дефиле», әр ару өз шаш үлгісі мен киімдерін көрсетіп, жүріп өтті.

 

3-кезең. «Ас – адамның арқауы» тағам түрлерін ажыратты.

 

4-кезең. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетті.

 

5-кезең. «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ», мақал-мәтелдерді құрастыру, мағынасын түсіндірді.

 

6-кезең. «Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін». Мозайканы құрастырып, шыққан суретті үш тілде айтып берді.

 

7-кезең. «Қонақ күте білеміз бе?» Арулар берілген көкеністер мен жемістерден өз ойларынан салат құрастырып, сол салатқа ат беріп, әділқазы алқаларымен таныстырды.

 

 8-кезең. «Қыз еркем кестесімен көркем», аруларымыз түймені матаға ұқыпты және әдемілеп тікті.

 

Қорытынды нәтиже 118 баллмен Назым «Лагерь аруы» болды, 117 баллмен Көркем «Инабатты ару» номинациясына ие болды. 116 баллмен Мавлюда «Өнерлі ару», 113 баллмен Жұлдызай «Сымбатты ару», 108 баллмен Ақниет «Ақылды ару», 107 баллмен Айгүл «Білімді ару», 105 баллмен Милана «Тапқыр ару» номинацияларына ие болды.

 

Орындаған: Тағыбаева А.

Пенкина К.