Мақсаты:

  1. Оқушыларды ұйымшылдыққа, білімділікке, судан құтқарудың қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
  2. Мақсаты оқушыларға мамандық таңдауда көмек, өздеріне мақсат қоя білуге және сол мақсатқа жету үшін қандай жұмыстар жасалу керектігін түсіндіру;
  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

2018 жылдың 22-маусымында «Балауса» жазғы сауықтандыру лагерінің бекітілген жоспары бойынша, «Кім болам» тақырыбының аясында  лагерь басшысы Купяшаров Ж.К., психолог Қасымова Р.Б., медбике Абуева Р., және тәрбиешілер М.Доспанбетова мен К.Пенкина, лагерь оқушыларымен бірге «Жедел құтқару» жасағына серуен жасады. Жедел құтқару жасағына барудың басты мақсаты оқушыларға мамандық таңдауда көмек, өздеріне мақсат қоя білуге және сол мақсатқа жету үшін қандай жұмыстар жасалу керектігін түсіндіру, үлкен ағаларын үлгі қылу болып табылады.

Экскурсия барысында жедел құтқару жасағының қызметкерлері өздерінің демалыс, сабақ оқитын орнымен, асханасымен және алғашқы көмек көрсету бөлмесімен таныстырды. Оқушыларды қанаттандыратын ағалық ақылдарын айтып, балаларға өз мамандықтарының қыр-сырларымен таныстырды.  Оқушылардың ерекше назарына ие болғаны – құтқару қайықтары болды.  Оқушылар оларға қызыға да қызғана да қарап, өздерінде туындаған көкейкесті сұрақтарын қойып оларға жауап алды. Жедел құтқару жасағының қызметкері құтқарушының арнайы киімін киіп су астына сүңгу жаттығуын көрсетті.   Балалар жедел құтқару жасағының жұмысының, қиын да қызық екеніне көз жеткізіп, қызығушылықтары арта түсті. Олардың бойында сол кісілердің ерліктері мен ержүректігі, адамдарға келтіретін пайдасы мен көмегі естерінде қалды.           

Экскурсия оқушыларға жақсы әсерін тигізіп, болашақта мамандық таңдауда көмегін тигізеді деген үміттеміз және болашақта осы оқушылардың отанын қорғайтын, қоғамға пайдасын келтіріп, Қазақстан Республикасының елеулі азаматтары болады деген сенімдеміз, өйткені, еліміздің болашағы осы өскелең ұрпақтың қолында.

 

         Орындаған:  М.Доспанбетова

К.Пенкина