Мақсаты: 1. Ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, танымын байытуға, мықты болуға талпындыру;

 

  1. Жігіттердің ептілігін байқау;
  2. Балалардың ауызбіршілігін, ұйымшылдылығын арттыру;

2018 жылдың 27 маусымында «№2 ЖОББМ» мектеп жанындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде «Ұлтымның ұланымын» атты ерлер сайысы өтті. Сайыс алты кезең бойынша  өтті.

 

Өзін –өзі таныстыру;

 

Өз өнерін көрсету;

 

Білім сайысы (Сұрақ-жауап);

 

Қол күрестіру;

 

Жатқан жерінен денені қолмен көтеру;

 

Жеті аталарын атау;

 

Сайысымызға лагеріміздің бетке ұстар ер азаматтары қатысты. Олар: Ұлмахан Мерейхан, Нұрғалым Ислам, Сәндібек Еділ, Ермекбай Нұрым, Әділхан Нұрлан, Кирим Ақылбек. Балаларға әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымыз Кибекова Милана, Уразбайқызы Ақниет, Абилқасым Назым.

 

Бірінші кезеңде ерлеріміз өздерінің аты-жөнін, елін, руын айтып өтті. Екінші кезеңде балаларымыз өз өнерлерін көрсетті. Ұлмахан Мерейхан «Махаббатқа әлі ерте» әнін, Нұрғалым Ислам «Мен қазақпын» әнін, Сәндібек Еділ «Көк ту» әнін, Әділхан Нұрлан «Шын ғашықтар» әнін орындады. Ал, Ермекбай Нұрым құрастырушы ойыншығымен құрастырып, Кирим Ақылбек пластилиннен мүсін жасады.

 

Үшінші кезең білім сайысы әр үміткерге бір сұрақтан қойылды.

 

Жеті қазынаны ата?

 

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы неше рет Конституция қабылдады?

 

Қазақтың ұлттық ойындарын ата?

 

Алтын адам қай жерден табылды?

 

Киіз үй абзалдарын ата?

 

Жылқы  әбзалдарын ата?  

 

Төртінші кезеңде балалар күш салыстырып, қол күрестірді.

 

Бесінші кезеңде балалар жатқан жерінен денені қолмен көтеріп, ең көп жасаған бала Нұрғалым Ислам болды. Алтыншы кезеңде ер жігіттеріміз жеті аталарын айтып берді. Сайысымыздың қортындысы бойынша: 1-ші орынды Кирим Ақылбек, 2-ші орынды Ұлмахан Мерейхан, 3-ші орынды Нұрғалым Ислам  қанағат  тұтты. Ал, «Алғыр жігіт» ноимнациясын Әділхан Нұрлан, «Дарынды жігіт» номинациясын Ермекбай Нұрым, «Өнерпаз жігіт» номинациясын Сәндібек Еділ алды. Балаларымызға сайысымыз өте қызықты  болды.

 

Орындаған: А.Досымова, А.Беркинбаева