Байқаудың мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау.

 

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, «Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем», «Ән көңілдің ажары» атты нақыл сөздер.

 

Бауқау бес кезектен тұрды:

 

1.Өз - өзін таныстыру

 

2.Ән айту

 

3.Өз өнерлері

 

4.Өлең жасыру

 

5.Сұрақ -  жауап

 

Байқауға алты оқушы қатысты. Олар: Жунисбек Жұлдызай, Ұлмахан Мерейхан, Абылқасым Назым, Сәбит Нұрсұлтан, Қартаңбай Көркем, Кирим Ақылбек.

 

Балалар жақсы дайындалып келип, өз өнерлерін көрсетті. Бірінші өздерін таныстырып болып, ән жарысында Жұлдызай «Қошақаным», Мерейхан «Тойға шашу», Назым «Құттықтаймын мама туылған күніңмен», Нұрсұлтан «Домбырасыз ән қайда», Көркем «Ертегілер елінде», Ақылбек «Асыл әжем» әндерін орындады. Үшінші кезеңде қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Жұлдызай «Шаш өру» үлгісін, Мерейхан «Махаббатқа әлі ерте» әнін орындады, Назым «Шаш өру» үлгісімен, Нұрсұлтан «Клоун кейіпкерін» көрсетті, Көркем  мен Ақылбек «Оригами» қолөнерлерін көрсетті. Келесі сайыс «ән жасыру» кезеңі болды. Мұнда балаларға әннің бас жағы  тыңдатылып, тоқтатылып қойылды, қатысушылар әннің аты мен орындаушыны табуы керек болды.

 

Ал, келесі бесінші кезеңде қатысушыларға сұрақтар қойылды. Сұрақтар Астананың жиырма жылдығына арналды және келесі сұрақтар қойылды:

 

  1. Астана қаласының символы?
  2. Биыл Астана қаласына неше жыл?
  3. Астана қаласының бұрынғы атауы?
  4. Қазақстан қандай мемлекет?
  5. 16 желтоқсан қандай күн?
  6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
  7. Қазақстанда неше облыс бар?
  8. ҚР-ның Астана қаласынан алдыңғы қаласы қай қала болды?
  9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
  10. Астана қай өзеннің жанында орналасқан?
  11. Астана қаласының көрікті жерлерін ата?

12.Ақордада кім отырады?

 

Сайыста Ұлмахан Мерейхан I орын, Абылқасым Назым IIорын, Қартаңбай Көркем IIIорын, Жунисбек Жұлдызай «Әнші бала», Кирим Ақылбек «Ақылды бал», Сәбит Нұрсұлтан «Ең үздік әнші» аттарына ие болды.

 

Орындаған: А.Беркинбаева

А.Досымова