Астанамыздың туған күніне орай ұйымдастырылған сурет салу байқауының мақсаты лагерьде тынығушы оқушылар арасында елімізге, ел ордамыз - Астана қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әрбір бала бойынан елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді оята отырып, балалардың бойындағы талаптарын одан әрі жетілдіру болып табылды.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016). Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

2018 жылдың 25 маусымда «№2 ЖОББМ» мектеп жанындағы «Балауса» лагерінде Астана күніне орай «Туған күнің құтты болсын, Бас қала!» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті.

Байқауда 6-13 жас аралығындағы бүлдіршіндер бақтарын сынады. Олар негізінен Астана қаласының символдары - «Бәйтерек» пен «Хан шатырды», жайқалған жасыл желек пен ашық аспанды, Ақорда мен әсем ғимараттарды асфальтқа салды. Балалар әрқайсысы жеке жұмыс жасап, суретке деген өнерлерін көрсетті.

Байқау қорытындысында бірінші орынға Абілда Айгүл, екінші орынға Абилкасым Назым, үшінші орынға Кудекова Милана лайықты деп табылды. Жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Орындаған: А.Тағыбаева