Әдістеме ісі жөніндегі меңгерушісі:

Макажанова Динара Тлеуовна

Туған жылы, айы, күні: 1979.06.26

Мамандығы: Үздіксіз білім беру университеті "Бастауыш сынып мұғалімі"

Пед. өтілі: 5 жыл

Санаты: ІІ

Марапаттары: Приозерск қаласы Әкімінің "Алғыс хаты" 2012ж,  ІІІ деңгейлік "Өрлеу" курсы бойынша сертификат 2013 ж, Мектепішілік Құрмет Грамотасы 2011 ж, "Өрлеу"  лаурет дипломы 2013 ж, "Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау сертификаты"  2014ж, ҚР шағын ғылым академиясының сертификаты 2015ж, "Заманауи әлемдегі педагог" сертификаты 2016ж

   

 

«Жас келсе, іске»

Жас мамандарға арналған тренинг-сабақ 

     2015-2016 оқу жылының  07.09.2015 күні сағат  1700-де «Жас келсе, іске» жас мамандарға арналган тренинг-сабақ өтті. Сабаққа жаңадан тұрған  8 (сегіз) мұғалім қатысты.

Мақсаты:Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, —
деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. 

 Тренингке жаңадан тұрған мұғалімдер мен тәлімгерлері қатысты.

Қатысқан мұғалімдер:

Қарабекова Бану Ерғалиевна, Сенгирбаева Зәуре Жаксибековна, Рахманкулова Қымбат Сабиржанқызы, Шуженова Анель Жұбайбекқызы, Қалдыбаева Жанар Аметқызы, Жалғасбаева Гүлжайна Уразмурадқызы, Рахимбаева Жадыра Ерлановна, Кибекова Арайлым Болатқызы.

 

Тренинг «Жүректен жүрекке» әдісмен басталып, оқытушылар бір-бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдірді.

Топтық жұмыс бастамас бұрын  «Алтын ереже» ескерілді. Оқытушылар ІІІ  топқа бөлінді. «Мектеп», «Мұғалім», «Оқушы».  Әр топқа флипчарт таратылып, «Болашаққа бір қадам» атты тақырып берілді. Бұл жұмыстың мақсаты: мұғалімдер болашаққа бір қадам жасай отырып, өз қиялынан шыққан ойларын флипчартқа сурет салып, топтастырады.  Оқытушылар арасынан көшбасшы сайланып, жұмыстары қорғалды.

 

Болашақта өркениеті дамыған, технологиясы  алдыға жылжыған, білімді ұрпақ тәрбиелейтін педагогика болады деген ойда қалды.Сонымен қатар «Нұрға бөлену» сергіту сәті өтті. Қорғаудан кейін оқытушылар бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады.

 

Келесі тапсырма шығармашылық жұмыс. «Визитка дайындау»

-Өзің туралы естігің келетін 3 сөз;

-Менің қолымнан келеді ... ;

-Жетістіктерім....;

-Арман, мақсаттарым...;

-Маған ыңғайлы, өзімді жайлы сезінетін жер

 

  Қортындылай келе мұғалімдерден  «ТЕСТ – ДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ» алынды. Соңында мұғалімдер «БүБ» әдісімен өзің бағалап, даналық ағашқа көңіл-күй жазылған стикерлерін жапсырылды.

Тренинг қызықты, тартымды өтті.