№2 жалпы білім беретін орта мектеп сегізжылдық мектептің тұрпатты жобасы бойынша салынған (салынған жылы 1960 жыл) 1961ж. 01.09. бастап Көктас 8 жылдық мектебі ретінде қызмет атқара бастады.

1964 ж. 01.03. мектептің аты  Приозёрск сегізжылдық мектебі деп  өзгертілді.

1975 ж. 09.07. - Кеңес әскері атындағы орта мектеп.

1985 жылдан мектеп жанында 290 орындық жеке ұйым ретінде қалалық ОӨК ашылды.

1997 жылдан бастап Кеңес әскері атындағы кәсіби білім беретін мектеп ретінде жұмыс атқарды, онда қаланың екі мектебінің 9-11 сынып оқушыларын кәсіби оқыту ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Мақсаты:

 

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіріп;

 

Саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу;

 

Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу;

 

2018 жылдың 28 маусымында «№2 ЖОББМ» мектеп жанындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде «Нашақорлыққа қарсы күрес» күніне арналған асфальтқа  сызу сайысы өтті. Сызу сайысы қалалық офицерлер мәдениет үйінің қасындағы алаңында өтті. Сайысқа нашақорлыққа, есірткіге қарсы әр түрлі суреттер беріліп, балалар өздеріне  ұнаған суреттерін сызды.  Сурет салуға бір жарым сағат берілді. Сызу сурет салу қорытындысы бойынша:

 

1-ші орынды Әлімқұл Акмедияр, 

 

2-ші орынды Жүнісбек Жұлдызай,

 

3-ші орынды Кудекова Милана

 

Жеңімпаз оқушылар мадақтама қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Сызу сайысымыз аяқталған соң,  Балқаш көліне серуенге шықтық. Балалардың көңілін көтеру мақсатында әр түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, көл жағасында доппен ортаға түспек, волейбол ойындарын ойнадық. Оқушылар біраз көңіл көтеріп, суымен ойнап, демалып қайтты. Серуеніміздің жалғасы «Балалар әлемі» атты сауық кешеніне бардық. Сауық кешенінде әр түрлі балаларға қызықты ойыншықтар, үлкен доптар, секірмек шарлар, әткеншектер бар екен. Оқушылар кезек - кезек барлығына отырып ойнап шықты. Оқушылар өте қуанышты болды. Сауық кешеннің басшысына өз алғысымызды білдіріп, риза болып қайттық. Балаларға серуеніміз өте ұнады.

 

Орындағандар: Досымова А.

Пенкина К.