№2 жалпы білім беретін орта мектеп сегізжылдық мектептің тұрпатты жобасы бойынша салынған (салынған жылы 1960 жыл) 1961ж. 01.09. бастап Көктас 8 жылдық мектебі ретінде қызмет атқара бастады.

1964 ж. 01.03. мектептің аты  Приозёрск сегізжылдық мектебі деп  өзгертілді.

1975 ж. 09.07. - Кеңес әскері атындағы орта мектеп.

1985 жылдан мектеп жанында 290 орындық жеке ұйым ретінде қалалық ОӨК ашылды.

1997 жылдан бастап Кеңес әскері атындағы кәсіби білім беретін мектеп ретінде жұмыс атқарды, онда қаланың екі мектебінің 9-11 сынып оқушыларын кәсіби оқыту ұйымдастырылды.

Толығырақ...

11 маусым 2018 жылы  «Көркейн бер Астана» суретшілер байқауына арналған сабағымызда балалар өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Балалар бұл суреттерді сала отырып, болашақта Астана қаласында қандай өзгерістер болғанын айтып кетті. Сабақ ортасында оқушыларға  сұрақ- жауап болды? Мынандай сұрақтар қойылды:

 

Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

 

Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала? (Астана қаласы)

 

Президент қай жерде отырады? (Ақордада)

 

Астана қаласына биыл неше жыл толады? (20 жыл).

 

Астана қаласында қандай әсем ғимараттар бар?

 

Суреттерді салып болған оқушылар жек жеке шығып салған суреттері туралы өз ойларын айтты.  Оқушылар Астана қаласының қандай көрікті  қала екенін айтып өтсе, Астана қаласында болмаған оқушылар осы жаздық демалсынлда Астана қаласына барып көрікті ғимараттарды көріп келуді айтты.

 

Содан соң балаларға сөзжұмбақ берілді. Сөзжұмбақты балалар ойланып шешті, яғни ойлау қабілетін дамытты. Сөзжұмбақтың сұрақтары мынадай болды және сөзжұмбақтың ортасында «Астана» деген сөз шықты.

 

  1. «Президент жұмыс орны? (Ақорда)
  2. Астана қаласындағы өзен атауы?(Есіл)
  3. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
  4. Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)
  5. Астанадағы мұхит асты жолы?(Думан)
  6. Астана қаласында орналасқан ұлы ғұлама ескерткіші?(Абай)  

 

Астана бүгінгі өскелең қала. Кемел де келісімді ойларын, ізгі ниетпен игі тілеудің қаласы. Елдорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамын нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын десең қалқымның ақ ордасы көркейіп, биіктерден көріне берсін десең қазірден бастап еңбектенуің керек екенің балаларға айтып өткен абзал.

 

 

Орындаған:  Доспанбетова.М

Пенкина.К