2020 жылдың 30 қазанында «№2 ЖОББМ КММ-де» онлайн форматта «Отбасы және мектеп: бір бағыттағы көзқарас» тақырыбында 1-11 сыныптардың ата-аналарына арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

 Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Алтынбекова Қарлығаш Серікқызы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол 2020-2021 оқу жылындағы қызметтің негізгі бағыттары және оларды іске асыру жолдары туралы айтып берді. 

Екінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Мухан Сабитович Мадешев сөз сөйледі. Ол ата-аналарды мектеп оқушыларының карантин жағдайындағы мінез-құлық ережелерімен және бірыңғай талаптармен таныстырды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Александровна Кузнецова мектептің тәрбие жұмысының 1 тоқсандағы қорытындысын шығарды. Ата-аналар жиналысы семинар-практикум түрінде өтті.( 648 ата-ана қамтылды)

 


2020 жылдың 9 желтоқсанында «№2 ЖОББМ КММ-де» онлайн форматта «Білім беру үдерісін әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу және жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз көріністердің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарына арналған жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Александровна Кузнецова сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ата-аналарды кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алумен таныстырды. Ата-аналарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша кеңестер берді, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарына әсер ететін факторларды , баланың тәуекел тобына түскенін қалай тану туралы ашып айтты.

Сондай-ақ, баланың бос уақытын ұйымдастырудағы қосымша білімнің рөлі туралы айтты.

Сондай-ақ, ата-аналар жиналысы барысында мектеп психологы Бузулутская Елена Алесандровна баланың қабілеттерін дамытудағы отбасының рөлі туралы баяндама жасады.

Ата-аналар жиналысы тиісті деңгейде өтті. (645 ата-ана қамтылды)


Название Скачать
1 2020-2021 жылдарға арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысының жоспары

 

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

 

18 қаңтар күні № 2 ЖОББМ-інде  бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтті.


Күн тәртібінде 2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы оқушылардың білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері туралы, бірінші жартыжылдықтағы оқушылардың жетістіктері, ерте жүктіліктің  алдын алу, балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы туралы мәселелер қарастырылды.


Кіріспе сөзді мектеп директоры Қ.Алтынбекова, ата-аналарды ағымдағы оқу жылының 1 жартыжылдығының аяқталуымен құттықтады. Ата-аналар назарына бірінші жартыжылдықтағы оқушылардың үлгерім сапасының есебі және алдыңғы жылмен салыстырмалы талдамасы ұснылды. Жаңартылған бағдарлама мазмұнының білім көрсеткішіне тигізетін оң және кері әсерлерін атап өтті. Мектептегі білім бойынша олимпиадалар нәтижелерімен және шығармашылық байқаудың жеңімпаздарымен директордың әдістеме жұмысы бойынша орынбасары Д.Макажанова таныстырып өтті.   Сонымен қатар бүгінгі қоғамдағы өзекіті мәселенің біріне айналып отырған ерте жастағы жүктіліктің алдын алу бойынша қалалық емхана директорының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары А.Саурбаева баяндады. Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу бойынша кеңестер берілді. Информатика мұғалімі А.Черниязова балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздігі және қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы айтып өтті. Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтты.

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының қатысуымен 2015 жылғы 26 қыркүйекте «Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?» тақырыбында өткен облыстық бірыңғай ата-аналар жиналысының № 2 МББК –де өтуі бойынша кестеге сәйкес ақпарат.

Облыстық бірыңғай ата-аналар жиналысына 7- 11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, барлығы 33 адам қатысты. Тікелей арна арқылы on-lain режимінде ата-аналар облыстық жиналысты көріп, білім басқармасы басшысының сөзін тыңдады және жиналыс барысын қарады.

Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтары бойынша мектеп директоры түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарды мазалап жүрген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Вакцинация тақырыбына кеңінен тоқталып ата-аналарға тағы да түсіндіру жұмысы жүргізілді.

 

Аймақтың атауы

Орта білім беру ұйымының саны

Қатысқан ата-аналар саны

Жауапты тұлғаның аты-жөні, қызметі

1

«Приозерск қаласының № 2 мектеп – балабақша кешені» КММ

 

1

 

33

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермагамбетова А.С.

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының қатысуымен 2017 жылғы 21 қаңтарда  өткен облыстық бірыңғай ата-аналар жиналысының № 2 ЖОББМ –де өтуі ақпарат.

Облыстық бірыңғай ата-аналар жиналысына 1- 11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, барлығы 80 адам қатысты.

Тікелей онлайн режимі арқылы ата-аналар облыстық жиналысты көріп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша білім басқармасы басшылығының және «Нұрлы білім» БҰ өкілдерінің білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша баяндамасын тыңдады.

         Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтары бойынша мектеп директоры түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарды мазалап жүрген мәселелер бойынша пікір алмасты. Биылғы жылғы ҰБТ мәселесіне де тоқталып, алдағы күтілетін өзгерістер бойынша ата-аналар сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.

         Сонымен қатар мектеп басшылығы ата-аналарға Еdumark қосымшасындағы электронды күнделікпен  жұмыс істеу жоладрын пысықтады.

 

Меркеменің атауы

Барлық оқушылар

Жауапты тұлғаның аты-жөні, қызметі

Қатысқан ата-аналар саны

Шақырылған ата-аналар комитеті / попечительский совет

1

«Приозерск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

733

Алтынбекова Карлыгаш Сериковна

8(71039)53079

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

80

 

5