Бекітемін

 

№ 2 жалпы орта білім

 

беретін  мектептің директоры

 

 ________Қ. Алтынбекова

 

 «_____»__________2016 ж.

 

 

№ 2 орта білім беретін мектептің 2016-2017 оқу жылына арналған

ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары

 

 

       Жұмыс мазмұны

мерзімі

жауапты

нәтиже

1

1.Өткен  оқу  жылының  қорытындысы, жаңа 2016 - 2017  оқу  жылының міндеттері.

2. Ата -  аналар  комитетінің  жаңа  құрамын  сайлау, жұмыс жоспарын бекіту.

3. «Отбасының бала өмірінде алатын рөлі» баяндама

қыркүйек

ТЖО
мектеп әкімшілігі

хаттама,

фото

2

1. Оқушыларды мектепке қабылдау, оқыту және шығару тәртіптері.

Мектеп ережелерімен таныстыру.
Оқушылардың үйлерін аралау.

2. Ағымдағы мәселелер.

қыркүйек

 

қазан

мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісілері,

ата-аналар комитетеі

ақпарат

3

 1.Мектептегі аз қамтамасыз етілген , тұрмысы төмен  отбасы балаларын анықтау,  жұмыстар жүргізу .  

2. Ағымдағы мәселелер.

жыл бойы

ТЖО, психолог, ата-аналар комитетеі

ақпарат, фото

4

 1. Мектепте жүргізілген тәрбиелік шаралардың оқушылар тәрбиесіне тигізер ықпалы.

жыл бойы

мектеп әкімшілігі, құқық пәнінің мұғалімі, ата-аналар

хаттама, ақпарат, фото

5

Ата-аналар комитетінің отырысы

2. Ағымдағы мәселелер.

қараша

мектеп әкімшілігі,

ата-аналар комитеті

хаттама

6

Ата-аналар жиналысы:

1. І жарты  жылдық қорытындысы

2. «Балаларға тәрбие мен білім беруде ата-аналардың құқықтары ме міндеттері ме?»

желтоқсан

мектеп әкімшілігі, ТЖО, құқық пәнінің мұғалімі

хаттама

7

1.Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру,

 бірлескен жұмыстар

2. Ағымдағы мәселелер.

желтоқсан

сынып жетекшілері,

ТЖО

ертеңгіліктер мерекелік шара

8

1.Жалпы ата –аналар жиналысы.

2. Наурыз мерекесін ұйымдастыру

 бірлескен жұмыстар

3. «Мектеп- оқушы, ата-аналар» бірлігінде атқарылатын жұмыстар

наурыз

 

жыл бой

мектеп әкімшілігі,

сынып жетекшілері, ата-аналар

хаттама

мерекелік шара

9

«Біз баламызды білеміз бе?»

Сауалнама

сәуір

мектеп психологы

әзірлеме

10

1. Ата-аналар комитетінің отырысы.

 2.Мектептегі тәрбиеге қиындық келтіретін оқушылармен атқарылатын жұмыстар.

3.  Ағымдағы мәселелер.

сәуір

 

жыл бойы

 

мектеп әкімшілігі,

ата-аналар комитеті

хаттама

 

 

 

11

Оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау

үнемі

мектеп әкімшілігі

ақпарат

12

Мектеп бойынша тәрбиеге қиындық келтіретін балаларды анықтау , ата – аналармен байланыс жасау .

жыл бойы

ТЖО, әлеуметтік педагог

ақпарат, фото

13

Ата-аналардың мектептік іс-шараларға демеушілік көмегі

жыл бойы

сынып жетекшілері

ақпарат

14

11 сынып оқушыларын ҰБТ – ға  дайындық жұмыстарына ата  - аналардың жауапкершілігін арттыру

жыл бойы

мектеп әкімшілігі, сынып жетекішлері

ақпарат, фото

15

Жалпы ата-аналар жиналысы
2.«Ата- аналар университеті» ата- аналарға педагогикалық және психологиялық консультацияны ұйымдастыру.

3. Жазғы демалыс

мамыр

 

жыл бойы

 

мектеп әкімшілігі,

ТЖО,психолог

хаттама, ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 – 2017оқу жылында № 2 орта білім беретін мектептің ата-аналар комитетінің жылдық жұмыс жоспары

 

Орындалатын жұмыстар

Уақыты

Жауапты

1

Ата- аналар комитетінің өткен жылының есебі. Ата-аналар кеңесінің 2016-2017 оқу жылына құрамын сайлау,  жылдық жұмысының жоспарын бекіту.

 қыркүйек

 

мектеп әкімшілігі,

ата-аналар

 

2

«Ата- аналар университеті» ата- аналарға педагогикалық және психологиялық консультацияны ұйымдастыру

жыл бойы

 

мектеп әкімшілігі,

психолог,

сынып жетекшілері

3

Барлық сыныптар бойынша ата – аналар комитетін сайлау, жұмыс жоспарын жасау

қыркүйек

 

сынып жетекшілері

 

4

Мектептегі тәрбиеге қиындық келтіретін оқушылармен атқарылатын жұмыстар

жыл бойы

           

сынып жетекшілері,

ата-аналар комитеті

5

Ата-аналар комитетінің отырысы

 Ағымдағы мәселелер.

 тоқсан сайын

 

 мектеп әкімшілігі,

сынып жетекшілері, ата-аналар комитеті

6

1.Мектепте өтілетін іс-шаралармен уақытында хабардар болып отыру.

2. Ағымдағы мәселелер.

 

жыл бойы

 

 мектеп әкімшілігі,

сынып жетекшілері, ата-аналар комитеті,

психолог

7

Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру бірлескен жұмыстар

желтоқсан

 

сынып жетекшілері,

ата-аналар

8

Мектептегі аз қамтамасыз етілген , тұрмысы төмен  отбасы балаларын анықтау,  жұмыстар жүргізу .  

жыл бойы

мектеп әкімшілігі сынып жетекшілері,

ата-аналар комитеті

9

11-9 сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға  дайындық жұмыстарына ата  - аналардың жауапкершілігін арттыру

жыл бойы

 

мектеп әкімшілігі,

сынып жетекшілері,

ата-аналар комитеті

10

Ата – аналардан тақырыптар бойынша сауалнамалар алу , қорытындысын шығару

жыл бойы

 

психолог

 

11

Мектептегі қолайсыз отбасы балалары анықтау, олармен жүйелі жұмыс жүргізу

жыл бойы

 

Мектеп әкімшілігі,

ата-аналар комитеті

12

Наурыз мерекесін ұйымдастыру бірлескен жұмыстар

наурыз

мектеп әкімшілігі,

сынып жетекшілері,

ата-аналар комитеті

14

Ата – аналарды тәрбиелік шараларға қатыстыру .

жыл бойы

ата-аналар комитеті

  

 

 Орынд. А.Кадырхожаева

 

 

 

 

 

Жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті отырысының

ХАТТАМАСЫ № 1

 

 

2015жылғы 16 қыркүйек                                                            Приозерск қаласы

 

Қатысқандар:

  1. К. Алтынбекова – мектеп директоры
  2. А. Ермагамбетова – директордың ТЖО
  3. Р.Касымова – ата-аналар комитетінің төрайымы
  4. Ата-аналар комитетінің мүшелері - 35 (тізім бойынша)

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Өткен оқу жылының қорытындысы, жаңа 2016-2017 оқу жылының міндеттері.
  2. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау. Жұмыс жоспарын бекіту.
  3. «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» баяндама.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Алтынбекова К.С., өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Жаңа оқу жылының мақсаттары мен  міндеттеріне тоқталып өтті. Ағымдағы оқу жылындағы айтулы даталармен, жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Оқушылардың тәрбиесі және тәртібі туралы баяндады. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Жаңа оқу жылынан бастап міндетті мектеп формасын еңгізіленгені туралы, жағдайлары төмен, көп балалы отбасылар және жетім балаларға мектеп формасы тегін, жеңілдікпен берілгені айтылды. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көрсетілген көмектеп бойынша ақпараты тыңдалды
  2. Екінші мәселе бойынша  жалпы мектептің ата-аналар комитеті қызметіне байланысты комитет төрайымы бас тартқаны туралы айтылды. Осыған орай  жаңа төрайым сайлау қажеттілігі және комитет құрамына өзгеріс енгізу туралы  айтылды.  Комитет құрамына таңдалатын ата-аналар даусқа салынды.
  3. Директордың ТІЖО Ермагамбетова А.С., «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» туралы баяндамасы тыңдалды. Отбасы тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

 

ШЕШІМ:

  1. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ақпарат назарға алынсын;
  2. Мектептің жалпы ата-аналар комитетіне төрайымдылыққа көпшілік дауысымен Кадырхожаева Айгуль Кожабековна сайлансын;
  3. Комитет құрамының мүшелері келесі құрамда бекітілсін:

1)Кадырходжаева Айгуль, 5 «В»

2)Шабданбекова Гульжан, 7 «В»

3)Абдыгаппарова Данагүл, 6 «Б»

4)Турсынбаева Каншагуль, 10 «А»

5)Мондыбаева Гүлбаршын Қайроллиновна, 8 «А»

  1. Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітуге ұсынылсын.

 

 

Төрайым                                                                 Р.Касымова

 

Хатшы                                                                     Қ.Тұрсынбаева

 

 

 

Баяндама

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА РӨЛІ»

      Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

      Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.

      Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.               Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

   Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

     Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.  Білім алуына көмектесуге міндетті;

3.  Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

 

 

Ата – ананың жауапкершілігі:

1.   Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.    Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4.   Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6.  Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

 

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.