№ 2 жалпы орта білім беретін мектептің бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар

 

№ 2 жалпы орта білім беретін мектептің  2016 жылғы 27 сәуірдегі жалпы мектептік ата-аналар комитетінің хаттамалық шешімі негізінде ҚР Білім министірінің 14 қаңтар 2016 жылғы №26 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы қыркүйектен бастап бірыңғай мектеп формасын енгізу бойынша мектеп формасының талаптары бекітілді.

  1. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік болып бөлінеді.
    Ұлдардың мектеп формасы:    күнделіктіге трикотаж жилет, жемпір қою көк түсті (жеңінде және белдемше жиектеріне ақ сызық жүргізілген), қою көк түсті шалбар,  жейде ақшыл көк түсті; мерекелікке пиджак, шалбар (қою көк түсті габардин матадан тігілген), ақ жейде.
  2. Қыздардың мектеп формасы: күнделіктіге трикотаж жилет, жемпір қою көк түсті (жеңінде және белдемше жиектеріне ақ сызық жүргізілген), юбка қою көк түсті, жейде ақшыл көк түсті; мерекелікке пиджак, юбка (қою көк түсті габардин матадан тігілген), ақ блузка.
  3. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
  4. Мектеп формасының жоғарғы бөлігінде мектептің ерекшелік белгісі орналасады.

Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.


- Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.