Приозерск қаласының № 2 ЖОББМ кәсіптік бағдар беру жұмысының  жоспары бойынша 2017 жылы 9-11 сыныптарды бітіретін түлектердің  мамандықтарға қызығушылықтарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.   30 наурыз күні мектеп мұғалімдері Балқаш қаласының кәсіби мамандандырылған оқу орындарына  9-шы сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы аясында саяхатқа барып қайтты. Оқушылардың мамандықтарға қызығушылықтары бойынша Балқаш көпсалалы колледжіне және Балхаш сервис колледжіне  барды.   Колледж ұжымы болашақ түлектерді слайдтар, бейнеролик арқылы колледж тарихымен, мамандықтар мазмұнымен, материалдық-техникалық базасымен таныстырды.