Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!
. Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
. Баланың қалыпты дамуына түрлі сайттар туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді.
. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, зиянды бағдарламалар, «қонырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
. Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол бермеңіздер!
. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіреме, сіздің балаңыз тіркелген сайттарға назар аударыңыз!
. «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар!
. «Киты плывут вверх», «Разбуди меня в 4.20», «f57,f58», «Тихий дом», атты топтарда тұрмайтынына назар аударыңыздар!
Хеш тектер:# ff33 #b28 #150 звезд #Млечный путь #Дом китов #Хочу в игру.
Қаперіңізде жүрсін!
Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар.
Баланыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз!
Құрметті ата-аналар!
Тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке комьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смартфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!