Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Бүгінде ақпарат­тың қайнаған көзі болып табы­ла­ды. Алайда, интернет ағымында тек пайдалы әрі жағымды ақпарат қана кездеседі деп қателесуге болмайды, өйткені, бүгінгі таңда осы ақпарат көзі арқылы діни және ұлтаралық дүрдараздықты қоздыру, экстремизм, терроризм, нашақорлық пен зорлық-зомбы­лықты  насихат­тай­тын заңсыз қолданушылар да көптеп табылуда.

 Статитскалық мәліметке сүйенсек  2015

жылғы шілде айында мемлекетімізде интернет-қолданушылардың  саны 3,47 млн-ға жеткен. Яғни 12-54 жас аралығындағы   халықтың 71% құрауда.

Интенет желісінде балаларға мынадай қауіп төнуі мүмкін:

-  Көптеген вебсайттар, электронды хаттар, немесе орнатуға арналған бағдарламалар  вирусты таратудың тағы бір әдісі. Әлеуметтік инженерияда хабары жоқ балалар мұндай жағдайға оңай әрі тез тап болады. Бұл әдісті хаккерлер троян вирусын таратуда жиі қолданады;

-   Бала табиғатынан бір нәрсені білуге, тануға өте құмар. Сондықтан балаларыңыздың денсаулығына, психологиясына  қауіп төндіретін төмендегі сайттардан сақтаңыз:

1)Контрабандалық  немесе басқа да заңсыз заттарды сатуға арналған сайттарға кіруі мүмкін.

2)Темекі, анаша,  алкоголь ішімдіктерін жарнамалайтын ;

3)Жарылғыш заттарды даялау әдісін үйрететін;

4)Онлайн режимде әр түрлі құмар ойындарын ойнататын;

5)Отбасыңыз, балаларыңыз туралы жеке ақпарат жинайтын сайттардан сақтаныңыз.

Интернет желісінде балалардың қауіпсіз қарым-қатынасы үшін мынадай қағидаларды білген жөн:

-    Интернет желісі арқылы жеке мәліметтерді (телефон нөмірі, аты-жөн т.б) таратуға болмайтынын балаңызға түсіндіру керек;

-    Сіздің  банк карточкаңыз немесе кредиттік карточкаңызды балаға қол жетімді жерде ұстамаңыз және  карточкаларыңыздың мәліметтерін балаңыз

білмейтініне көз жеткізіңіз

-    Электронды поштаға  танымайтын адамдардан келген хаттарды ашпау керектігін түсіндіріңіз, мүндай хаттар заңсыз, зиян сайттарға сілтеме болуы мүмкін.

-    Виртуалды әлеуметтік желіде танысқан адммен кездесуге баруға болмайтынын түсіндіріңіз, себебі ол адам қауіпті болуы мүмкін.

-   Егерде желіде бірдеңе түсініксіз болса, ата-анасынан сұрау керектігін түсіндіріңіз

-    Желіде отыру уақытын қадағалаңыз. Бүгінгі күні «Қазақтелеком»  АҚ «Ата-ана бақылауы» атты сервисін қосты.  Ол сервиске мына сілтеме арқылы қосылуға болады  http://telecom.kz/kz/parents-control.  Балаңызды интернеттен қажетсіз ақпараттардан қорғайсыз . Сонымен қатар Қазақстандағы заңға қайшы контенентке қарсы күрес бойынша Шұғыл байланыс  сайтына мына сілтеме арқылы кіріп http://www.safekaznet.kz/kz/, хат жолдай аласыз.  Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық.

 

Мектеп әкімшілігі