Құрметті ата-аналар!

 ҚР Білім Министрінің 14.01.2016  ж. № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

2016-2017  оқу жылында 1 қыркүйектен бастап мектеп бойынша жаңа мектеп формасы енгізілетін болады. Форманың түсі, үлгісі мектептің жалпы ата-аналар комитетімен таңдалып бекітілді.

  1. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік болып бөлінеді.
  2. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, қою көк түсті мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратын болуы қажет.
  3. Қыздардың мектеп формасы:  пиджак, жилет, юбка қою көк түсті классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, водолазка) киюге болады.

     4. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

-         Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
     Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. 

-         Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 

       - Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

-         Ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алу ұсынылады