12 ақпан Приозёрск қаласының "#2 ЖББМ" КММ - де Ауғанстан мемлекетінен ҚСРО әскерінің шығарылғанына 32 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Ауғанстан соғысының ардагерлері Турлибаев Б, Крупский В. 60601 әскери тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Бейсеков Д.Н,қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп қонақтардың көңілінен шықты. Мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы, "Жас Сарбаз" клубы және "Сағадат" әскери патриоттық клубы мүшелері мерекелік концертте өз өнерлерін көрсетті.Шараның мақсаты оқушыларды отан сүйгіштікке, патриотизмге баулу.