2021 жылдың 29 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде «Бәйтерек» әкелер кеңесінің жетекшісі Н.Медетовтің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде «Әкенің абыройы, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына оның әсері» тақырыбында кездесу өткізілді.

Мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру. Кездесу барысында Н.Медетов бала тәрбиесінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ екендігін айта келіп, әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі болып есептелетіндігін өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Әкелер кеңесінің мүшелері де аталмыш тақырып аясында ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесуге спикер ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің азаматтық персоналы, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Кенжебеков Тілек Алшимбекұлы қатысты.