25 қараша күні "Приозерск қаласының №2 ЖОББМ" КММ-де "Рухани жаңғыру" бағдарламасы "Түрік әлемінің генезисі" арнайы жобасы аясында 10-11 сынып оқушылары арасында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған
"Алтын Орда мұрасы" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты тарихи оқиғаларды, батыр тұлғалардың өмірбаяндарын зерттеуді жандандыру болып табылады. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, Туған елге, туған өлкеге, оның тарихына құрметеуге тәрбиелеу. Іс-шараның басында оқушыларға Алтын Орда, оның аумағы және Ресеймен өзара іс-қимыл туралы бейнеролик көрсетілді. Балалар көптеген қызықты фактілерді білді. Қазақстанның ұлттық валютасының атауы "теңге" қайдан пайда болды, "Алтын Орда" атауы қалай пайда болды, Алтын Орда дәуірінің ескерткіштері туралы көптеген дәйектерді тұйді. Іс-шараның соңында балалар қазақ этносының тарихындағы басты кезең Алтын Орда дәуірі болды деген қорытынды жасады. Біздің халқымыз Қазақстанның осы ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырып келеді.