2020-2021 оқужылының басталуына дайындық шеңберінде Приозерск қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 20 тамызда жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері жайлы ата-аналарды( балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

Жиналыс  ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Ата-аналар жиналысы барысында сынып жетекшілері ата-аналарды жаңа оқу жылындағы оқу форматымен, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптардың сақталуымен, қашықтықтан оқыту кезінде баланың мінез-құлықережелері мен жұмыс орны туралы таныстырды, интернетпен таныстырды – жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, балалардың оқу және демалыс режимі бар қашықтықтан оқыту жүргізілетін платформа, сондай-ақ баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыру керектігін айтты, интернеттегі балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелері, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынас психологиясы туралы тағы да еске салды.

Ата-аналар жиналысы барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын барлық ақпаратты алды. (800 адам қамтылды)