2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық шеңберінде "№2 ЖОГББМ" КММ 20 тамызда жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері жайлы ата-аналарды ( балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

Жиналыс ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Ата-аналар жиналысы барысында сынып жетекшілері ата-аналарды жаңа оқу жылындағы оқу форматымен, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптардың сақталуымен, қашықтықтан оқыту кезінде баланың мінез-құлық ережелері мен жұмыс орны туралы таныстырды, интернетпен таныстырды – жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, балалардың оқу және демалыс режимі бар қашықтықтан оқыту жүргізілетін платформа, сондай-ақ баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыру керектігін айтты, интернеттегі балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелері, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынас психологиясы туралы тағы да еске салды.

Ата-аналар жиналысы барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын барлық ақпаратты алды. Ата-аналар жиналысы жақсы деңгейде өтті. (800 адам қамтылды)