18 мамыр күні «Приозерск қаласының №2 ЖОББМ» КММ 31 мамыр - Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қашықтықтан сабақ өтті. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын дамыту. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Жалпыға Ортақ аза тұту күні. Қазіргі ұрпақ еліміздің барлық қайғылы өткенін білуі тиіс.

Оқушылар Қазақстан Сталин лагерлерінің басты өңірлерінің біріне айналғанына талдау жасады. 1931 жылы 15 ақпанда құрылған КАРЛАГ ең үлкен лагері болды. "Подарок Сталину" фильмінен бейнематериалдар мен эпизодтар қаралды. Іс-шара соңында оқушылар Сталиндік лагерьлердің құрылысының себептерін біліп, Қазақстанда қай жерде және қандай лагерлер болғанын білді. Халықтардың Репрессия және депортация ұғымдарының мағынасын ашты.