11-15 мамыр аралығында "Приозерск қаласының №2 ЖОББМ" КММ Халықаралық Отбасы күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.

"Бұл керемет ғаламшар – отбасы!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары "Дені сау отбасы – ел болашағы" атты суреттер байқауына белсенді қатысты. Сонымен қатар "Бірге бақытты" атты фотокөрмесі ұйымдастырылды.

15 мамырда "Менің өмірімдегі отбасы", "Отбасы – өмірдің сиқырлы символы", "Отбасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбына сынып сағаттары өтті. Бұл іс- шараның басты мақсаты отбасының өзекті мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайту болып табылады, өйткені отбасы мерекесі - бұл өзара түсіністік пен өзара көмек, махаббат, ересектер мен балалар арасындағы достық, туған жүректерді қосу мейрамы. Сынып сағаттарын өткізу барысында әр түрлі формалар қолданылды. Кейбір сынып сағаттары сабақ өткізудің ойын формаларын пайдалана отырып өткізілді, өйткені олар оқушылардың оң эмоцияларын тудырады. Негізгі акценттер баланың отбасы мүшелерімен бірге рухани қатысу сезімін дамытуға, отбасы мүшелері арасында өзара құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған. Сабақтың мазмұны білім алушыларда өзінің ата-анасын оқуға деген уәждемені қалыптастыруға, өз отбасы мүшелеріне мақтаныш сезімін тәрбиелеуге және өз жетістіктері үшін олардың алдында жауапкершілікті, отбасының бала өміріндегі рөлі, оның мүшелерінің құқықтары мен бір-біріне жауапкершілігі, отбасылық қарым-қатынастың адамгершілік және құқықтық аспектілері туралы бағытталған. Оқытушылар іс-шараның әр оқушыны ата-аналармен және басқа да жақын адамдармен қарым-қатынасының сипаты туралы ойға итермелеуге тырысты. Сабақ барысында педагогтар белгілі философтар, жазушылар, көрнекті адамдардың отбасы және тәрбиесі туралы пікірлерін пайдаланды. Сынып сағаты барысында мұғалімдер ана мен әкенің рөлі, отбасындағы өзара көмек және мейірімді қарым-қатынас туралы айтты, ал балалар өздерінің отбасыларындағы отбасылық дәстүрлерін айтты.

"Отбасы" ұғымы ашылды, оның функциялары туралы түсінік берілді, отбасы мүшелеріне бауырмалдық сезімі, оның жетістіктері үшін мақтаныш сезімдері тәрбиеленді, шыдамдылық дағдылары дамыды. Өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі, болашақта өз отбасын құруға жауапкершілікпен қарау, ата-аналар алдында адамгершілік парыз қалыптасты.

Сабақтар отбасының өмірлік идеалы туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал етті.

Барлық өткізілген іс-шаралар тақырыпқа сәйкес болды.

.