18.05.2020 жылы сағат 9.00 де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық депортаменті директорының орынбасары Ғанижан Асанұлының «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты «Адалдық сағатының»  9-11 сынып оқушыларына you tube желісімен көрсетілімі ұйымдастырылды.

«Адалдық сағатының» басты мақсаты өскелек жас ұрпаққа жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарын қалыптастыру болып табылады. Адалдық құндылығын айырықша әспеттеген Абай шығармашылығында жоғарда айтып өткен құндылықтарға баса назар аударылғаны сөзсіз.Оған мысал ақын «Сегіз аяқ» өлеңінде былай жазып кеткен «Еңбек ерінбе ,

Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін, сауданың тегін

Үйреніп ойлап мал ізде,

Адал бол бай тап

Адам бол мал тап

Қуансаң қуан сол кезде» - деп адал еңбектің түбі ризық несібеге кенелетінін оқырманға өскелең ұрпаққа жеткізген.

Адалдық сағатында Ұлы Абайдың адалдық ,қанағат, ұят, имандылық қасиеттерін бойна сіңірген азаматтарды құрметтегіні айтылды.

Өскелең жас буын Абайды таныса ,ақын шығармашылығын саралап саналарына түйсе, елін сүйетін,адалдықты ардақтап парасатылықпен пайымдайтын туған жерінің аптал азаматтары болып қалыптасуына оң әсерін тигізері анақ.