Айтылған шараға 850 оқушы қатысты.

Сынып сағаттың басында «Адалдық сағатына» тақырыбына арналған презентациялар көрсетілді. Презентацияда адалдық,әдеп және сана жайлы көрсетілді.

Шараның екінші бөлімінде әр оқушы көз қарасын айтуға мүнкіндік ретінде дөңгелек столдар ұйымдастырылды. Ол жерде біздің мемлекетіміздегі өз еңбегі, өзгенің маңдай тері туралы көзқарастармен Жапон еліндегі қалыптасқан жүйе талқылады.Сөйлеу мәдениеті, ұқыптылық,саналылық туралы пікір таластар өткізілді.

Шара барысында балалардың топпен жымыс жасап және өз көзқарасын айқын айтқандары көңіл қуантады.

Сынып сағатының соңында әр адам өз өмірін иесі және оған жауапкершілікпен қарау керек екен деген пікірде болды.Бұл қалыптасып келе жатқан тұлғаның белгісі.

Бұл шараның өткізілген бағыты әр оқушыныға белсенді өмірлік ұстанымды және патриотизмді қалыптастырып әр адамның бұл өмірдегі өз орыны бар екендігін үйрету.