Биылғы 2019 жылғы маусым айының 17- 22 аралығында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты  «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» жастардың әскери-патриоттық жиыны өтті.

 

Биылғы іс-шара ҚР Жастар жылдығына  және « Айбын» жиынының 5 жылдық мерей тойына арналған,  Оған  еліміздің әскери оқу орындары, мектеп-интернаттары мен мектеп әскери-патриоттық клубтарынан  жасөспірім қатысты. Жиынның басты міндеті – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, осы бағыттағы клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру. Өткен іс-шараға 800-ден астам жас келіп, да­лалық жағдайда әскери-қол­данбалы спорт түрлерінен үш күн бойы сайысқа түсті. Сондай-ақ, жиынның ашылу рәсі­мін­де Қазақ­стан Республикасының Прези­денті – Қарулы Күштердің Жоғар­ғы Бас қолбасшысы Қ.К.Тоқаев жастардың «Айбын» рес­­публикалық әскери-пат­риот­тық жиынына қатысу­шылар­ға жолдаған хатын оқып, құт­тық­тауын жеткізген болатын. Республика Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал – майор Мұхамеджан Таласовтың мәліметінше, биылғы іс-шара 7 күнге созылады. Оған қоса, жарыс бағдарламасы бойынша келушілерге Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың таныстырылымы, белгілі адамдармен кездесулер, әскери-патриоттық клубқа қабылданған жас патриоттардың ант беру рәсімі ұйымдастырылмақ. Биылғы сайыстың тағы бір ерекшелігі жаңа түрлері ұсынылады, мысалы ұлттық-спорт ойндары. Сайыста дене даяр­лығын айқындайтын негізгі күш­тік жаттығулармен бірге АК-74 шашып - жинау, пнев­ма­тикалық мылтықтан ату, газтұм­шаны жедел кию, қару-жарақты толық асынып жүгіру, «Менің роботым» сайысында әскери-патриоттық клуб мүшелері құрастырған робот түрлері көрсетіледі.

          

Біздің, Приозерск қаласының №2 ЖОББМ-нің «Сағадат» әскери патриоттық клубыда бұл жиынға белсене қатысты. Былтырғы жиынға қарап өзіне нәтиже шығарып, биыл үлкен жетістікке жетті. Біздің клуб былтырғы алтыншы орыннан биыл екінші орынға көтерілді, жалпы командалар арасында. Жеке жетістіктерімізде өте көп, 15 бала 27 медальмен екі кубок жәнеде грамоталарға ие болды. Соның арасында, жеке жетістіктерге жеткендер: Ануарбек Аружан – әскерилендірілген кросс 1 орын, Тулегенова Алина,Сулейманова Гюнай – 2 орын, дене көтеру қыздар.Ұлттық ойындар: асық- Курбанмурат Дидар-3 орын,тоғыз құмалақ – Нысанбай Б – 3орын. Екінші жыл бойы Ізбасар Ғабит бірінші орынды, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын киюден, бермей кележатыр.

       

Үлкен үлес дайындыққа қосқан: 60601 әскери бөлімінің командирі полковник Шақанов Е.Н, командирдің ТжИ жөніндегі орынбасары подполковник Бейсеков Д.Н, аға сержант Алимов Б, сержант Жанылхан Д. Ерекше алғыс қала әкімінің орынбасары Казиева Б.А, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Касимова Г.К, №2 мектеп директоры Алтынбекова К.С, БЖШО – ның директоры Попченко С.Б, орынбасары Ахатаева А.

      

Ал, іс-шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, яғни планшет сыйлады. Оған қоса, жарысқа қатысушыларға ойын ережелері жазылған флешкалар, сөмке  үлестіріледі. Жеңіспен қалаға оралғанда балаларды мектеп алдында құрметпен күтіп алды. Қала әкімдігі, мектеп әкімдігі, және қала ұжымдары алғыстарын білдіріп сыйлықтар ұсынып, құттықтады.

      

Келесі жылға, бұданда жақсы дайындалып, бірінші орынды аламыз деп талап қойып отырмыз.

 

 

«Сағадат» ӘПК-ның жетекшісі АӘД пәннің мұғалімі,

  педагог- ұйымдастырушы:                 Мадешев М.С.